2026 ж. 3 қыркүйек
UC San Diego өкілі Илья Заславский Farabi Supercomputer Center орталығына келді

Илья Заславский, PhD, АҚШ-тағы Калифорния университетінің Сан-Диего кампусы (University of California San Diego, UC San Diego) жанындағы San Diego Supercomputer Center кеңістіктік ақпараттық жүйелер зертханасының (Spatial Information Systems Laboratory) директоры Farabi Supercomputer Center орталығына келді.
Илья Заславский — кеңістіктік деректерді талдау, геоақпараттық жүйелер (GIS), кеңістіктік-уақыттық деректерді интеграциялау және ғылыми киберинфрақұрылым салаларындағы маман. Ол ғылыми деректерді басқару мен талдауға бағытталған ірі зерттеу жобаларын іске асыруда мол тәжірибеге ие.
Сапар барысында UC San Diego мен Farabi Supercomputer Center мамандары арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер, Data Science және заманауи цифрлық ғылыми инфрақұрылым бағыттарындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды.