← Жаңалықтарға оралу

2026 ж. 28 қыркүйек

ҚазҰУ мен ИСЕСКО жоғары өнімді есептеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚазҰУ мен ИСЕСКО жоғары өнімді есептеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Құжатқа ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректоры Самғат Қуатұлы Ермекбаев пен ИСЕСКО-ның Бас директоры доктор Салим М. әл-Мәлік қол қойды.

Келісім зерттеушілер мен ғылыми мекемелердің жоғары өнімді есептеу ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен зерттеу жобаларын қолдауға бағытталған.

Бастама аясында Farabi суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми зерттеулер, білім алмасу және мамандар даярлау бағыттарындағы өзара іс-қимылды дамыту көзделеді.

Келісімді іске асыру ҚазҰУ мен ИСЕСКО арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, ғылыми әлеует пен цифрлық технологияларды дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.